Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленді

0
598

Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.


Нұр-Сұлтанда митинг өтетін орындар белгіленді

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты бейбіт жиын өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ орындарды немесе жүру маршрутын белгіледі. Құжат Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жария талқыға ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған құжатқа сәйкес, елордада бейбіт жиындар мен шеру өткізу үшін 4 арнайы орын ұсынылып отыр.

Біріншісі - аумағы 4 380 шаршы метрді құрайтын, 1000 адам сиятын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесі қиылысындағы саябақ.

Екіншісі - мың адам сыятын, аумағы 2 064 шаршы метрді құрайтын «Астаналық цирк» жанындағы алаң.

Үшіншісі - аумағы 1 695 шаршы метр болатын Жеңіс, Абай даңғылы, Т.Бигелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы жазғы алаң. Бұл жерге 500 адам еркін сыяды.

Шеру өткізуге арналған төртінші бағыттың ұзындығы - 2055 метр. Бағыт Абая даңғылы мен Ә.Сембинов көшелерінен, Жазушылар аллеясынан бастап, Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшелеріне дейін жалғасады.

Шеруге мың адамға дейін қатыса алады.