Нұр-Сұлтанда мұздай қаруланған жігітті полиция ұстады

0
937

Ол 2017 жылдың маусым айында ұсталып, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.


Нұр-Сұлтанда мұздай қаруланған жігітті полиция ұстады
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда полицияның мұздай қаруланған адамды ұстағаны түсірілген видео желіде жарияланды, деп жазады Zakon.kz.14 қарашада әлеуметтік желіде көлік ішінде бірнеше қаруды қолына ұстап көрсетіп, "Астана біздікі", тағы бірінің "Қазір бәрін қырып саламыз" деген видеосы тараған еді.Видео зерттеліп, полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде бұрын сотты болған 24 жастағы ер адамды ұстады.

Елордалық полиция департаменті ол адамның бұрын не үшін сотталғаны туралы мәлімет таратты.

Ол 2017 жылдың маусым айында ұсталып, бұзақылық және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

- Биыл 4 қаңтарда жазаның өтелмеген бөлігі заңнамадағы ізгілендіру саясатына байланысты шартты жазаға ауыстырылып, Нұр-Сұлтан полициясы пробациялық бақылауы бойынша ол бостандыққа шыққан. Алайда, ұсталған адам өзі үшін қажетті қорытынды жасамай, тағы да заңды бұзды, - деп атап өтті полициядағылар.

Қазіргі уақытта бас бостандығын шектеуді нақты бас бостандығынан айыру түрімен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс беру мәселесі шешілуде.

Видеодағы көлік рөлінде отырған ер адам да анықталып, қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.