Отбасылы әрі орта кәсіби білімі бар.
ERNUR.KZ. Елордада 9 жасар қыз педофилдің құрбанына айналды, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Оқиға тапа-тал түсте оқушының өз үйінде болыпты. Қаскүнем сабақтан шыққан жасөспірімнің ізіне түсіп, пәтеріне дейін аңдып барған. Ол арам ойын жүзеге асыру үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге жүгініпті.
Қаршадай қызды зорлады деп айыпталған ер адам 52 жаста. Отбасылы әрі орта кәсіби білім алған. Сотталғанға дейін кран жүргізушісі болып жұмыс істепті. 2006 жылы дәл осындай қылмыс жасап, түрмеге түскен екен. 2018 жылдың күзінде жазасын өтеп шыққан ол, екі ай өтпей жатып бұрынғы әдетіне қайта басқан. Аңдып жүріп, мектеп оқушысын зорлаған. Қылмысы толық дәледенген сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот Қазақастан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сүйене отырып үкім шығарды. Нұрмағанбетов Қайрат Ахметжанұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабының 4-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпты деп табылып, оған 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаскөй шала мас күйде қыздың соңынан үйіне дейін еріп барған. Есік ашылған соң, ішке бірге еніп 9-қабатқа көтерілген. Үйде кім бар екенін білу үшін, қоңырауды басқан. Есік ашқан қыздың анасын көрген ол, пәтерді шатастырып алғанын айтып, 8-қабатқа түскен. Әйел жұмысқа кеткен соң, есікті қайта қағып, жеткіншекке өзін сантехникпін, құбырларды жөндеу керекпін деп айтқан. Осылай пәтерге кірген ол, арам ойын жүзеге асырып, тайып тұрған. Кінәсі толық дәледенсе де, сотта кінәсін мойындамайтынын айтқан.
«Мен бәрін мұқият тыңдадым. Бірақ, үкіммен келіспеймін. Өткен сотта маған тағылған айыптарды мойындамайтынымды айтқанмын. Көптеген дәлелдер үйлеспейді. Осы жолы әділ шешімге үміттенген едім»- дейді сотталушы.
Ал, жәбірленуші тараптың адвокатының айтуынша, қылмыскердің құрбаны болған қыз жақын болғандықтан үйінен мектепке жаяу барып жүрген.
"Қазіргі таңда жағдайы тұрақты болғанмен, қатты шошып қалған. Сондықтан, психологтардың көмегіне әлі де мұқтаж" - дейді қорғаушысы.
Бұл жолы сот үкімі тек 17 жылға түрмеге қамаумен ғана шектелді. Қылмыскерге химиялық кастрация жасау туралы үкім шыққан жоқ. Себебі, сот эксперттері сараптамаларынан соң сотталушының кастрацияға қарсы көрсеткіштері бар екені анықталған.
Химиялық кастрация - елімізде кәмелетке толмағандарға азғындық жасаған 88 педофилді піштіру үшін биыл бюджеттен қаржы бөлініпті. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ал, былтыр сот шешімімен екі сотталушыға кастрация тағайындалған. Бірақ, әлі ешқайсыны жасалмапты. Қылмыскерлер Жамбыл және Павлодар облысытарындағы түрмелерде жазасын өтеп жатыр екен.