Нұр-Сұлтанда полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді өлімнен құтқарды – видео

0
437

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "102" жедел желісіне Уәлиханов көшесінің бойында әйел адамның 24-қабаттан секіруге оқталып жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған.


Нұр-Сұлтанда полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді өлімнен құтқарды – видео

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда учаскелік полицей 24-қабаттан секірмек болған келіншекті аман алып қалды, деп жазады Sputnik.kz.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "102" жедел желісіне Уәлиханов көшесінің бойында әйел адамның 24-қабаттан секіруге оқталып жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік көлік жіберілді.
Бұл уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев өзінің әкімшілік учаскесінде болған. Оқиға туралы естіген бойда көрсетілген үйге жүгіріп жетіп, әлгі әйел аяғын салбыратып отырғанын және қауіпті қадам жасауына санаулы минут қалғанын көрген. Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, техникалық қабаттағы кішкене терезе арқылы карнизге қарай өткен.
Ол әйелге байқатпай жақындап келіп, оны қапсыра қатты құшақтап, ұстап тұрған. Ал әлгі әйел қатты жылап, қолдан шығып кетуге тырысқан. Полицей оны әңгімеге тартып, жұбатқан. Осы уақытта басқа подъезден құтқарушылар жеткен. Олар бірлесіп әйелді терезе арқылы қауіпсіз жерге кіргізген. Төменгі қабатта оны дәрігерлер күтіп тұрып, оған психологиялық көмек көрсетті.
27 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.