Нұр-Сұлтанда полиция ғимаратының терезесі арқылы қашпақ болған ер адам ұсталды (видео)

0
620

​​Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы полиция басқармасы ғимаратының терезесінде ер адамның салбырап тұрғаны бейнелеген видео тарады.


Нұр-Сұлтанда полиция ғимаратының терезесі арқылы қашпақ болған ер адам ұсталды (видео)

ERNUR.KZ. Бұған қатысты елордалық полицейлер пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.

Видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланған. Онда ер адамның екінші қабаттың терезесінен салбырап тұрғаны анық көрінеді. Видеода оның қолынан полиция қызметкері ұстап тұрғанын байқауға болады. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті оқиғаның 22 қыркүйекте болғанын айтты.



Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Белгілі болғандай бұзақылық фактісі бойынша 32 жастағы ер адам ұсталып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілген. Алайда ол полиция ғимаратының екінші қабатындағы терезе арқылы қашып кетпек болған.

Дегенмен құйтырқы әрекет жүзеге аспаған. Құзырлы орган қазіргі уақытта бұзақылық іс-әрекет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.