Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша халықаралық кездесу өтіп жатыр

0
630

Келіссөздің бәрі жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Негізгі пленарлық отырыс ертеңге жоспарланған.


Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша халықаралық кездесу өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтіп жатыр, деп жазады 24.kz.

Алқалы жиынға кепілгер елдер Түркия, Иран және Ресейден өкілдер шақырылған. Сондай-ақ Сирия режимі мен қарулы оппозициялық топтардың делегаттары да бар. Ливан және Ирак тарапы алғаш рет бақылаушы ретінде қатысуда. Келіссөздің бәрі жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Бүгін екіжақты және көпжақты кеңестер болады. Кешкісін Ресей Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат бермек.

Негізгі пленарлық отырыс ертеңге жоспарланған.