Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен жанжалдасып қалған ер адам 12-қабаттан секірмек болды (видео)

0
749

Полицейлер ер адамды райынан қайтарды.


Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен жанжалдасып қалған ер адам 12-қабаттан секірмек болды (видео)

ERNUR.KZ. Елордада ер адам кездесіп жүрген қызымен жанжалдасып қалып, артынша өзіне қол жұмсамақ болды. Ол көпқабатты үйдің 12-қабатынан секірмек болған. Полицейлер оны райынан қайтарды, деп жазады Stan.kz.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан ер адамның балконнан секірмек болғаны көрінеді.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Нұр-Сұлтан қалалыұқ полция департаментіндегілер тәртіп сақшыларының ер адамды райынан қайтарғанын жеткізді. Артынша ол тұтқындалған.

«5 қазанда түнгі сағат 1:30 шамасында полицияға Нәжімеденов көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде жанжал болып жатқаны туралы қоңырау түсті. Көршілері ер адамның қызды өлтіретінін айтып қорқытқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларын көрген ер адам қызға өзіне қол жұмсайтынын айтып сес көрсетіп, балконға шығып алады. Полицейлер ер адамды суицид жасамауға көндіре алды. Артынша ол тұтқындалды», - дейді елордалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбаева.