Нұр-Сұлтанда теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған мұғалім қызметіне оралды

0
732

Сот жұмыс беруші мұғалімге еңбек шартын бұзу туралы бұйрық бермегенін, еңбек заңын бұзу туралы хабарлама жібермегенін анықтады.


Нұр-Сұлтанда теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған мұғалім қызметіне оралды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінде теріс қылығы үшін жұмыстан шығарылған оқытушы сот шешімімен бұрынғы қызметіне оралды. Бұл туралы Алматы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сот жұмыс беруші мұғалімге еңбек шартын бұзу туралы бұйрық бермегенін, еңбек заңын бұзу туралы хабарлама жібермегенін анықтады.

Азамат М. директордың мұғалімнің өз балаларына және мектеп оқушыларына физикалық және психикалық қысым көрсеткені туралы қызметтік жазбасы негізінде жауапқа тартылған. Бұл туралы директор мұғалімнің балаларының әкесінен білген.

"Бұл ақпараттың дұрыстығы анықталған жоқ. Алматы аудандық сотының шешімімен жұмыстан босату туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол жұмысқа қайта алынды, үш айдағы жалақысы берілді. Шешім заңды күшіне енді", - делінген сот үкімінде.