Нұр-Сұлтанда үш жасар қыз терезеден құлап кетті

0
870


Нұр-Сұлтанда үш жасар қыз терезеден құлап кетті

ERNUR.KZ. Бала 13-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, алған жарақатынан сол жерде жан тапсырды. Қайғылы оқиға 5 шілде күні сағат 22:00 шамасында болды, деп жазады Zakon.kz.

Жазатайым оқиғалардың көпшілігі ата-аналардың баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан болады. Бала ересектердің көзінен таса болып, терезе ашық тұрса, баланың құлау қаупі өте жоғары.Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Елордалық полицейлерінің ата-аналарға арналған кеңесі:

  • бала үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз;
  • москит торларына ешқашан сенбеңіз – бала соған сүйеніп, тормен қоса құлап түседі;бала терезені өз бетімен аша алмайтындай етіп терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін (бекіткіш, блокаторлар) орнатыңыз;
  • барлық жиһазды терезелерден алысырақ қойыңыз, бұл баланың терезеге шығып алуынан қорғайды.