Нұр-Сұлтанда жігіттің соңынан биіктен секіріп кеткен қыздың видеосы пайда болды

0
962

Жігіттің артынан қырық минут өткен соң қыз терезеден секірген.


Нұр-Сұлтанда жігіттің соңынан биіктен секіріп кеткен қыздың видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Жексенбінің кешінде Нұр-Сұлтандағы "Инфинити" ТК ауласында төтенше жағдай болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен адам құлап кеткен. Оқиға көптеген адамның көзінше болған. Бірнеше адам оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. Онда адам құтқару құрылғысына құлайды.




Нұр-Сұлтан қалалық жол полициясының ақпараты бойынша, адамның құлауы туралы шақыру сағат 18.45-те келіп түскен.

"Қабанбай батыр көшесіндегі сегізінші қабаттың терезесінен жігіт құлап кетті. Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу шықты. Бір жігіттің артынан қырық минут өткен соң, сол терезеден қыз секіріп кетті. Ол ТЖД жайған өмір кубына құлады. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрғаны анықталды. Тексеру кезінде пәтерден ешкім табылмады", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нұр-Сұлтан ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, төтенше жағдай орнына өз-өзіне қол жұмсау әрекеті туралы шақыруға екі техника данасы мен жеке құрамның жеті адамы бар бөлімше шыққан.

"Келіп жеткен кезде сегізінші қабаттың терезесінен қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды, құтқарушылар тез арада өрт сөндіру автосатысын қойғысы келген, бірақ тұраққа қойылған автокөлік кедергі келтірді. Қыз құтқарушылардың әрекетін көріп, үйдің басқа жағына шығып, құламақ болды. Ол құтқарушылардың айтқанын тыңдамады. Сөйтіп, азаматтық қорғау қызметкерлері жедел қабылдаған кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында қыз құтқарылды, ол жайылған кубқа құлап, одан ұшып кетіп, металл профлистен жасалған жертөле бөлмесінің күнқағарына құлап түсті. Қыз дереу жедел жәрдем көлігіне орналастырылды.
Бұл хабарлама келіп түскенге дейін жоғары қабаттан бір жігіт құлап кеткен (немесе секіріп кеткен). Ол көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жігіт пен қыз қалалық ауруханада. Ауыр халдегі ер адам, әйел адам тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.