Оқиға орнында бір әйел қаза тауып, екі әйел мен екі ер адам дене жарақаттарын алды
ERNUR.KZ. Елордада жол талғамайтын көлік пен кроссовер соқтығысты, - деп жазады tengrinews.kz.
Жол-көлік оқиғасы 19 мамырда 12:05 шамасында Абылайхан даңғылының бойында болған. Nissan XTrail маркалы автокөліктің жүргізушісі Lifan Х50 автомобилін соққан. Соның салдарынан соңғысы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақатынан әйел адам оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, екі әйел мен екі ер адам дене жарақаттарын алды.
Жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды және қажетті сараптамалар тағайындалған.