Нұр-Сұлтандағы ұтыс ойыны: Шымкенттік қыздар лотереяға қатысу үшін несие алған

0
2 522

​Нұр-Сұлтанда гүлдер дүкенінің ашылуына байланысты өткен даулы автокөлік ұтысына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды.


Нұр-Сұлтандағы ұтыс ойыны: Шымкенттік қыздар лотереяға қатысу үшін несие алған

ERNUR.KZ. Шымкенттік екі қыз Нұр-Сұлтанға билет сатып алу және ұтыс ойынына қатысу үшін несие алған. Бірақ сыйлықтардың орнына адамдардың арасында зардап шеккен. Болған оқиға үшін мерекені ұйымдастырушы кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz.



Шымкент тұрғынының айтуынша, ұтыс күні ол құрбысымен бірге болған. Қыздар Нұр-Сұлтанға жету үшін 200 мың теңге көлемінде шағын қарыз ресімдеген. Олар жүлде ұтып алуға үміттенген. Бірақ акция сәтсіз аяқталды, ал құрбысы есінен танып қалған. Соның салдарынан қыздар рейске кешігіп, соңғы ақшасына жаңа билеттер сатып алған. Бұл туралы олардың бірі әлеуметтік желіде жазды. Дегенмен қыз арна тілшілеріне сұқбат беруден бас тартқан, себебі сыннан қорыққан.

Ал автокөлік ұтыс мен басқа да сыйлықтарды ойнатқан ұйымдастырушылар қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін Нұр-Сұлтан тұрғындарынан кешірім сұраймыз. Сонымен қатар қала полициясына жылдамдығы мен көмегі үшін рақмет аайтқым келеді. Біз осындай жағдай болады деп ойламадық. Адам көп келеді деген ой болмады", - деді атқарушы директоры Темірлан Кенжебаев.

Жүлделер онлайн форматта ойнатылды. Көлік иесі ақтөбелік 17 жастағы жігіт болды. Оның анасы бәрі әділ екенін айтты.

"Балам машина ұтып алды. Бәрі шынайы болды. Біз бір тиын да берген жоқпыз. Бәрі әділ өтті", - деді әйел.

Елорданың сол жағалауындағы екі сағаттық коллапс үшін ұйымдастырушылар әкімшілік жазаға тартылды. Санэпидқызметтер ұйымдастырушыларға 670 мың теңге айыппұл салды. Полицейлер тағы екі бап бойынша оларды кінәлі деп таныды, осылайша айыппұлдың жалпы сомасы 816 мың теңгені құрады. Бірақ бизнесмендер өз кінәсін мойындап, айыппұлды бір апта ішінде төлейтіндіктен, ол екі есе – 408 мың теңгеге дейін азаяды.

Еске салайық, 7 ақпанда Нұр-Сұлтанның сол жағалауында гүлдер дүкені ашылу құрметіне сыйлықтар ұтысын жариялады. Ұтыс ойнына екі мың адам жиналып, санитарлық талаптарды бұзған. Көпшілік жиналғандықтан, жаппай іс-шара ұйымдастырылған Мәңгілік ел даңғылы бойындағы жолда кептеліс пайда болған.

Ертесіне Нұр-Сұлтандағы гүлдер дүкенінің басшысы сыйлықтар таратау кезіндегі тәртіпсіздік үшін кешірім сұрады.