Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі болды

0
981

Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда туған.


Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылғы 10 қазанда туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

23 жылдық жұмыс өтілі бар, оның 7 жылы — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық лауазымдарда.

1997-2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

2004 жылдан 2011 жылға дейін жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік хатшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экономика салаларын дамыту департаментін басқарды.

Бұдан басқа, әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап 2022 жылғы қарашаға дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың қараша айынан 2023 жылдың қазан айына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы болды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2023 жылғы 05 қазандағы шешімімен холдингтің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

2023 жылғы 11 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.