бағдарламаны жандандыру үшін 2018 жылғы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді.
ERNUR.KZ. "Нұрлы жер" арқылы салынған үйлер "7-20-25" бағдарламасымен сатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
"Тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Ұлттық банк жергілікті атқарушы органдардың "Баспана" компаниясының 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын нарықтық талаптармен сатып алуға рұқсат берді. Бүгінде бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. "Баспана" ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет", - деді Данияр Ақышев.
Оның атап өтуінше, бағдарламаны жандандыру үшін 2018 жылғы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді.
"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үйлер Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін", - деді банк басшысы.