Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы туған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын 1997 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, сол жерде 2005 жылға дейін, әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратын басқарған.
2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.
2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.