Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуінде белгілі болды.
ERNUR.KZ. 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысады, деп жазады inbusiness.kz.
Алматыда Орталық Азия (ОА) елдерінің әуе компаниялары басшыларының, соның ішінде Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзірбайжан), сондай-ақ ИАТА (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) өкілдерінің екінші дөңгелек үстелі өтті.
Қатысушылар салада авиацияны дамыту перспективаларын, әуе қатынасы бойынша Еуропалық Одақтың стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежай алымдары және API-PNR жолаушылары туралы деректер жүйесі мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының кодын ауыстыру расталды.