Қазақстан тәуелсіздігін тойлау үшін олардың туын көтеру арқылы Нью-Йорк тұрғындарының да жігері мен рухын көтереміз.
ERNUR.KZ. Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Ерке сылқым» күйінің видеосын жариялады, деп жазады ulysmedia.kz.
“Қазақстан тәуелсіздігін тойлау үшін олардың туын көтеру арқылы Нью-Йорк тұрғындарының да жігері мен рухын көтереміз. Біз туған қаламыздың алуан түрлі сұлулығын әлемге көрсетеміз. Нью-Йорк деп аталатын ғажайып экспериментке қосқан үлестеріңіз үшін рақмет», - деп жазды Эрик Адамс.


