Облыс әкімі Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарын күтіп алды (ВИДЕО)

0
106

​Кешегі жол апатынан он адам мерт болған.


Облыс әкімі Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарын күтіп алды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бекет атаның басына зиярат етуге бара жатып қаза тапқан марқұмдардың туыстарын күтіп алып, көңіл айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, бүгін марқұмдардың жақындарын Ұлттық ұланның арнайы борты Маңғыстауға алып кеткен болатын

«Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаралы отбасы мүшелерін әуежайдан күтіп алып, қаза болғандардың жақындарына қайғыра көңіл айтып, қажетті қолдау көрсететін айтты. Сондай ақ, облыстық мәслихаттың төрағасы, полиция департаментінің басшысы, мешіт имамы мен шіркеу қызметкері де қайғыға ортақтасты», - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды. Трагедия 11 қыркүйек күні Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта болған.