Ойын бизнесі мемлекетке 22 млрд теңге салық төледі

0
1 419

2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (12,2 млрд теңге) аталған мекемелердің табысы 26,5% өскен.


Ойын бизнесі мемлекетке 22 млрд теңге салық төледі

ERNUR.KZ. Мемлекеттік бюджетке аталған саладан болған кірістер көлемі 2,6 есе өскен, деп жазады baq.kz.

Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында бюджетке 15,5 млрд теңге табыс әкелді.

2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (12,2 млрд теңге) аталған мекемелердің табысы 26,5% өскен.

Ал көрсетілген кезеңде ойын бизнесіне салынған салық көлемі 2,6 есе артқан. Егер, 2017 жылдың үш тоқсанында ойын мекемелерінен республикалық бюджетке 8,5 млрд теңге кіріс келсе, 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бұл сома 22,3 млрд теңгені құраған.

Айта кету керек, 2013 жылдан бастап құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар саны 142-ден 109-ға дейін, яғни, 23,2% қысқарған.