Инспекторларға шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер азаматтардың есімі белгілі болды
ERNUR.KZ. ІІМ баспасөз қызметі "Охотзоопром" кәсіпорнының қорықшыларына шабуыл жасады деген күдіктілердің суретін таратты, деп жазады sputniknews.
Қарағанды облысы аумағында 13 қаңтар күні инспекторларға браконьерлер шабуыл жасаған. Ол кезде кәсіпорын қызметкерлері браконьерлердің көлігін тексеріп жатыпты.
Облыстың полиция департаменті қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан инспектордың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қылмысқа қатысы бар үш ер адам анықталды. Күдіктілер Ахметов Б.М., Шүкілдіков Н.М., Ақшанов К.В. қазір халықаралық іздеуде.
"Қазір оларды ұстау үшін шаралар қолданылып жатыр", — деп мәлімет берді ІІМ.
Құқық қорғаушылар күдіктілерге қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қарағанды облысының полиция департаментіне хабарласуды сұрайды: 8 (7212) 42 92 04, 42 91 90, 42 90 25, 42 90 26 немесе 102.
Еске салайық бұдан бұрын Қарағандыда браконьерлер «Охотзоопром» инспекторын өлтіріп кеткенін, күдікті ретінде Қызылорда облысының тумалары іздестіріліп жатқаны туралы жариялаған болатынбыз.