Оқиға орнында ұсталған ұрыға ішкиімін шешуге тура келді (видео)

0
1 083

Алматы облысында тәжірибелі ұры ақшаны шұлығы мен іш киіміне салып үлгерген.


Оқиға орнында ұсталған ұрыға ішкиімін шешуге тура келді (видео)

ERNUR.KZ. Алматы облысында тәжірибелі ұры ұсталды. Бірнеше минуттың ішінде ол 50 мың теңгеден астам ақшаны ұрлап үлгерген. Оқиға шағын несие беретін мекемеде орын алыпты. Ақшаның жоғалғандығын байқаған қызметкерлердің бірі шұғыл түрде дабыл қаққан. Артынша сол жердегі ер азамат ұсталыпты, деп жазады ktk.kz.

Қылмыскер ақшаны шұлығы мен іш киіміне салып үлгерген. Ол ешкімге білдіртпей ақшамен сыртқа шығып бара жатқан жерінен ұсталған. Ақшаның жетіспеушілігін байқаған қызметкерлер әп-сәтте есіктердің барлығын жауып үлгерген. Ұры сол уақытта ұсталса да өз кінәсін мойындамай біраз тұрып алған. Кейіннен ол сырт киімдерін шешіп, тыққан жерінен ақшаны шығарып берген. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері оны тергеу учаскесіне алып кеткен.

«Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін ұсталған болатын. Қазіргі таңда оның үстіне ҚР ҚК-ның 188 «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облысы полиция департаментігінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.