Оқу-жаттығу кезінде граната жарылған: ІІМ Алматы облысындағы төтенше жағдайдың мән-жайын айтты

0
123

Сенат кулуарында Санжар Әділов болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.


Оқу-жаттығу кезінде граната жарылған: ІІМ Алматы облысындағы төтенше жағдайдың мән-жайын айтты

Фото: Тұрар Қазанғапов

ERNUR.KZ. Жақында Алматы облысында полицейлердің жоспарлы оқу-жаттығуы кезінде төтенше жағдай болды – қолмен лақтырылатын жарық-шу гранатасы мерзімінен бұрын жарылып кетті. Бірнеше қызметкер жарақат алды. Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады tengrinews.kz.

Не болды?

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда оқу-жаттығу кезінде алматылық полицейлердің "жаппай жарақат алғаны" туралы қауесеттер тарала бастады.

t.me/kozachkow скриншоты

Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Ол кезде жақын маңда болған бөлімше қызметкерлеріне "дер кезінде медициналық көмек көрсетілгені" хабарланған болатын.

ІІМ не дейді?

Бүгін, 11 маусымда, Сенат кулуарында Санжар Әділов болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"9 маусымда ажалсыз әсер ететін қолмен лақтырылатын жарық-шу гранатасының мерзімінен бұрын детонациялануы салдарынан ішкі істер органдарының бірнеше қызметкері жеңіл жарақаттар мен сызаттар алды. Бұл құрылғылар өмірге қауіп төндірмейді. Екі полиция қызметкеріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді", – деді ол.

ІІМ өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен полицейлердің барлығы жұмыс орындарында және қызметтерін жалғастырып жатыр.

Қылмыстық іс қозғала ма?

Сондай-ақ Әділов қылмыстық іс қозғала ма деген сұраққа жауап берді.

"Қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе қазір күн тәртібінде тұрған жоқ", – деп атап өтті Санжар Әділов.