Былтыр қатемен шыққан 8 оқулық жөнделген.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Оқулықта кеткен қателер үшін баспалар жауапкершілік алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оның сөзінше, былтыр оқулықта кеткен қателер бойынша 26 резонансты ақпарат шыққан, оның 11-і расталған.
«Қате кеткен 11 кітаптың 8-ін ауыстырдық, қалғанын баспалар биыл ауыстырып жатыр. Оқулықтардағы қателерді болдырмау үшін кәсіпорындардың жауапкершілігі заңды тұрғыда күшейтіліп жатыр. Оқулық қате күйінде басылатын болса, баспа өз қаржысы есебінен қателіктерді жөндеуге міндетті», - деді Ғани Бейсембаев.
Министр мектеп бағдарламасын жаңарту үшін жаңа мемлекеттік стандарт талқыланып жатқанын атап өтті.