Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында 22 600 роутер сатып алынған.
ERNUR.KZ. Неге оқушыларға бір айға деп берген интернет 10 күннің ішінде бітіп қалды? Бір айға қанша Мб беріледі деген сауалдарға «Нұр-Сұлтан қаласындағы қашықтан білім беру барысы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жауап берді, деп жазады baq.kz.
Қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында 22 600 роутер сатып алынған.
"Сатып алынған роутерлерді уақытша пайдалану үшін оқушылар мен педагогтарға тараттық. Интернет трафигі ай сайын 70 Гб құрайды. Бұған қоса отандық білім беру платформаларын тегін пайдалануға болады. Бұл педагогтар мен оқушылардың платформалар мен білім ресурстарын үздіксіз қолдануға жеткілікті", - деді Шолпан Қадырова.Сондай-ақ, ол интернет трафиктің не себепті тез таусылып қалатынына тиісті тексеру жүргізілгенін айтты.
"Дегенмен 10 күн ішінде трафиктің таусылуына қатысты фактілер анықталып, провайдермен бірге тексеріс жүргіздік. Тексеріс барысында оқушылар немесе ата-аналар не басқа адамдар интернетті орынсыз пайдаланатыны, оқу процесіне қатысы жоқ сайттарға кіретіні белгілі болды. Мысалы, youtube-тен видео көру, түрлі әлеуметтік желілерге кіру, фильмдер қарау сияқты", - деді қалалық басқарма басшысы онлайн брифингте.