Қазір кәмелеттік жасқа толмаған күдікті қамауға алынған.
ERNUR.KZ. Атырау қаласында желтоқсанның ортасында Ракуша елді мекенінде екі мектеп оқушылары арасында төбелес болды, деп жазады NUR.KZ.
Жұдырықтасқанын аз көрген оқушы 14 жастағы қарсыласын пневматикалық тапаншадан атып жіберген.
"Қылмыстық кодекстің 293-ші бабының үшінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір кәмелеттік жасқа толмаған күдікті қамауға алынған.