Оқушыларға көлігін жуғызған жамбылдық мұғалім қатаң сөгіс алды

0
667

Байзақ ауданындағы мектеп мұғалімі көлігінің терезесіне салынған анайы суретті шәкірттеріне жуғызған.


Оқушыларға көлігін жуғызған жамбылдық мұғалім қатаң сөгіс алды

Машинасына анайы сурет салып кеткен оқушыларға көлігін жуғызып жазалаған жамбылдық мұғалім қатаң сөгіс алды. Тіпті қызметінен қуылуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Байзақ ауданындағы мектеп мұғалімі көлігінің терезесіне салынған анайы суретті шәкірттеріне жуғызған. Бұл басқаларға да сабақ болсын деп, видеоны ата-аналар чатына жолдаған. Ал ол желіге тарап қызу талқыға түсті. Ұстаздың бұл әрекетін қолдаған да, даттаған да бар.

Математика пәнінің мұғалімі үш жылдан бері осы мектепте қызмет етіп келеді. Кейін ол өзінің артық кеткенін түсініп, төрт баланың ата-анасынан кешірім сұраған. Тіпті жұмыстан кетуге дайын екен айтыпты.

Ал білім ошағының басшысы жас маманның қателік жібергенін мойындап отыр. Сондықтан оған қатаң сөгіс беріпті. Директордың сөзінше, бұл жағдайға мұғалімнің оқушыларға қатаң қарауы себеп болған.

"Мұғалім білім сапасын талап еткен, сол үшін балалар бір емес, бірнеше рет алдында жәй суреттер салып жүрген. Соңғысында жағымсыз сурет салған. Оны жуғызуға да ұялдым, өз оқушыларым ғой, өздері де сол жерде айтыпты: «Ағай, өзіміз салдық, өзіміз барып жуып берейік» деп", - дейді Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Есентаева.