«Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды»: Тамара Асар Назарбаевпен кездесуде неліктен жылағанын түсіндірді (ВИДЕО)

0
251

​Назарбаевтың жылағаны эфирден көрсетілмеген.


«Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды»: Тамара Асар Назарбаевпен кездесуде неліктен жылағанын түсіндірді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әнші Тамара Асар тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында 2016 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде неліктен жылағанын түсіндіріп берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тележүргізуші әншіден «2016 жылы біздің президентіміз «Ана жүрегі» туралы әңгімені айтқан кезде көз жасыңызға ерік бердіңіз. Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай? Оқиғамен байланыс бар ма екен?» деп сұрады.

«Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Ол кісімен сырласпын. Маған тұжырымдап сөз айтатын, тоқтататын. Әкем мені қатты еркелетсе, шешем мені тоқтататын. 2016 жылы жылағанымның себебін айтайын, ол кісінің жалғыздығын сездім. Ол кісі еңкілдеп... Біз емес, бірінші ол жылады. Кейін оның жылағанын кесіп тастап, бізді шығарады. Ол солай болған. Ол ана туралы айтып, көзінің жасы пора-пора боп аққан соң, біз де жыладық. Ол жерде егіліп, ана туралы аңызға жыламайсың ғой. Ол жерде алып тастады. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды», - дейді Тамара Асар.

Еске салсақ, 2016 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні қарсаңында қоғамда беделі бар қыз-келіншіктерді Ақордада арнайы құттықтаған болатын.