"Ол оны осылай жақсы көрді": Бишімбаевтың анасы ұлы мен Салтанаттың неліктен ажыраспағанын айтып берді (видео)

0
326

Журналистердің бірі сотталушының анасына "егер олар соншалықты бір-біріне сай келмесе, неге оларға ажырасуды айтпадыңыз? Неге үнсіз қалдыңыз?" деп сұрақ қойды.


ERNUR.KZ. Сот отырысынан кейін журналистер Альмира Нұрлыбековаға көріпкелдің хабарласқаны туралы рас-өтірігін және ұлы мен Салтанатқа не себепті ажырасу керектігін айтпағанын сұрады, деп жазады stan.kz.

Журналистердің бірі сотталушының анасына "егер олар соншалықты бір-біріне сай келмесе, неге оларға ажырасуды айтпадыңыз? Неге үнсіз қалдыңыз?" деп сұрақ қойды.

"Міне ол оны осылай жақсы көрді. Білмеймін. Ешнәрсе айта алмаймын. Бұл махаббат еді. Өтініш, басым қатты ауырып тұр. Қазір қан қысымым көтеріліп тұр", – деп журлистердің сұрағынан ат тонын ала қашты.

Бұдан бөлек БАҚ өкілі көріпкелдің оған не айтқаны жөнінде сұрап, сұрақтың астына алды.

"Білмеймін. Жоқ, ешнәрсе", – деп жауап берді Бишімбаевтың анасы.

Еске салайық, Бишімбаев сотында айыпталушы үнемі жүгінетін көріпкелден жауап алынды. Оқиға болған күні Бишімбаев оған қайта-қайта хабарласып, Салтанаттың жағдайы нашарлап бара жатқанын айтқан. Тарологтің сөзінше, бұған дейінгі жұмысына қатысты айтқандарына төлеген. Сонымен қатар ол Бишімбаевты 1,5 жылдан бері, ал оның отбасын 2 жылдан бері танитынын айтты.