"Ол оянады деп едіңіз ғой": Сотта Бишімбаев пен көріпкел арасындағы хаттар оқылды

0
480

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова көз жұмған күні кімге хабарласқаны тексеріліп жатыр.


ERNUR.KZ. Әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша сот отырысында айыпталушының телефоны тексеріліп жатыр, деп жазады stan.kz.

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова көз жұмған күні кімге хабарласқаны тексеріліп жатыр. Қоңырау шалғандардың тізімінде Байжанов, көріпкел, Гүлнәр, Гүлнәр Насырбекова және Айжан Берденова бар. Ол 9 қараша күні Гүлнар Насырбековамен "Bau" мейрамханасында кешкі ас ішкен.

Сонымен қатар сотталушы "Гүлнәр Шымға" бірнеше рет телефон соққан. Бұл көріпкел екен. Ол оған бірнеше рет қоңырау шалды:

20.01 – ұзақтығы 15 секунд;
19.57 – ұзақтығы 23 секунд;
19.56 – ұзақтығы 43 секунд;
19.51 – бас тартылған қоңырау;
19.44 – ұзақтығы 1 минут;
19.41 – бас тартылған қоңырау.

"Байжанов түсіп келе жатқанда мен көріпкелге телефон соқтым. Тамыр соғысын таппағандықтан, не болып жатқанын сұрағым келді, ол жауап бермеді. Содан кейін ол жауап берді де, “жедел жәрдем шақырыңыз” деп тұтқаны қойды. Сіз ол кешке оянады дедіңіз ғой, ол оянбай жатыр, тамыр соғысын таба алмай тұрмын” дедім", – деді Қуандық Бишімбаев.

Сондай-ақ сағат 15:01-де Бишімбаев: "Онда бәрі жақсы ма?" деп жазады. Содан кейін 19.44-те ол көріпкелден "Есі сау ма?" деп сұрайды. Әйел сұрақтарға “иә” деп жауап берді.

Адвокат Игорь Вранчев “Қуандық Бишімбаев көріпкелдің кеңесінен кейін ғана жедел жәрдем шақыратын ба еді? деп сұрады.

"Басында не болып жатқанын түсінбедім, күндіз көріпкел “жатып, демалсын, сосын оянады” деді. Мен бұған қалай жауап беремін? Болар іс болды", – деді айыпталушы.

Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді де Бишімбаевқа бірнеше рет хабарласқан екен, бірақ Бишімбаев тұтқаны көтермеген.

Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованың Бишімбаевқа жазған хаттары оқылды.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.