Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар қара пакеттерге оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылап жатыр. Желі қолданушылары "адамдарды қорқыту үшін жаңалықтарды осылай түсіреді" дейді. Бұл пікір - фейк, деп жазады Stopfake.kz.
Видеода "мәйіттердің" бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үсіндегі қара пакеттерді түзеп жатыр. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.
"Бұл пікір - фейк. Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok парақшасынан алынған. Ролик биыл 30 наурызда жарияланған және онда "Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі" деп жазылған.
Рэп орындаушы Хаскидің "Никогда-нибудь" әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік. Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, бұл көркем музыкалық бейне", - деді Stopfake.kz өкілдері.