Танымал қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Дәуітұлы өмірден өтті.
Танымал қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Дәуітұлы өмірден өтті, Қазақстанның бокс федерациясы марқұмның отбасына көңіл айтты, деп жазады ERNUR.KZ.
"Біз, бүкіл спорт қауымдастығы, қайғыңызға ортақтасып көңіл айтамыз. Осы қиын сағаттарда сізді қолдағымыз келеді. "Әке – асқар тау" деп тегін айтпаған. Әкеңіз ер мінезді, Сәпиевтер отбасының тірегі еді. Әкеңіз туралы естеліктер, онымен бірге болған барлық жарқын сәттер осы қиын күндерде тірегіңізге айналсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", - делінген федерацияның Instagram-дағы парақшасында.
Ашық дереккөздерде Олимпиада чемпионының әкесі Жұманғали Дәуітұлының зейнет жасына дейін шахташы болып жұмыс істегені айтылған.