"Олимпиакос" клубының футболшылары Астанаға келіп жетті

0
80

Астананың ауа-райы грек футболшыларын таңғалдырды.


ERNUR.KZ. Грекияның "Олимпиакос" клубының футболшылары Астанаға келіп жетті. Мұнда олар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық "Қайратпен" кездеседі. Матч 9 желтоқсанда "Астана Аренада" өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақ жеріне қона сала гректерді ең қатты таңғалдырған Астананың ауа райы болған екен.
Gazzetta.gr басылымының жазуынша, Астана әуежайында бірінші кезекте -4°C суықтық гректерге ерекше әсер қалдырған.

"Әуежайдағы алғашқы әсер – ұшу-қону жолағын қардан тазалап жатқан қызметтер, сондай-ақ күшейтілген бақылау мен қарулы күзет болды. Қиын жағдайларға қарамастан, делегацияның көңіл-күйі жақсы және алдағы "Қайратқа” қарсы екі матчты жеңуге толық бел буып келді.” – делінген мақалада

Басылым алдағы матч уақытында ауа-райы мүлдем суытып кетеме деп алаңдап отырғанын да жасырмады.
Бұл ойын алдында "Қайрат" бір ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 35-орында тұр. Ал "Олимпиакос" екі ұпаймен 33-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, бүгін командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.