"Өлтіріп кетуі мүмкін": Алматыда жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмады

0
407

Күдіктілер ұсталды.


ERNUR.KZ. Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл дерек Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 3-бөлігі ("Жас баланы өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыс жасады деген күдікті адамдар ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысына қарасты Күш ауылында 3 жастағы қыз жоғалып кеткен болатын. Ол 17 наурыз күні үйінен шығып кетіп, содан кейін оралмаған.