Олжас Бектенов телефонмен сөйлескен соң Үкімет отырысынан шығып кетуге мәжбүр болды

0
123

Әлеуметтік желі қолданушыларының дені Үкімет басшысына ел Президенті қоңырау шалды деп ойлайды.


Олжас Бектенов телефонмен сөйлескен соң Үкімет отырысынан шығып кетуге мәжбүр болды

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әзірге Премьер-министрдің нақты не үшін шығып кеткені, кіммен сөйлескені белгісіз, деп жазады inbusiness.kz.

Жиында Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін ант қабылдауға шақырған еді.

– Өздеріңіз білетіндей, өткен аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық заңға сәйкес, Үкіметтің жаңа мүшесінің ант беруін сұраймын, – деді ол.

Жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова ант беруге шықты. Сол сәтте Премьер-министрдің алдында тұрған ақ телефон безілдеп қоя берді. Телефонмен санаулы секунд сөйлескен Үкімет басшысы ойламаған жерден сыртқа шығып кетуге мәжбүр болды.

Министр Жұлдыз Сүлейменова ант қабылдап орнына отырған соң Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жанындағы вице-премьер – Үкімет аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевпен тез арада ақылдасып, отырысты жалғастыруға шешім қабылдады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Олжас Бектенов өз орнына оралып, тізгінді қолына алды.