Омикрон белгілері байқалғанда не істеу керек? Дәрігер жауабы

0
936

Антибиотиктерді дәрігер рецептінсіз қабылдауға болмайды.


Омикрон белгілері байқалғанда не істеу керек? Дәрігер жауабы

ERNUR.KZ. Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас оториноларингологы Андрей Крюков омикрон штамынан емделу жолын ұсынды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Тамақтағы қабынуды жеңілдету үшін антисептикалық ерітінділерді қолданған дұрыс. Үнемі күніне төрт-бес рет тамақты шайқау керек. Ауырсыну белгілерін азайту үшін таблеткаларды немесе анестетик спрейлерді қолдануға болады, бұл өте маңызды. Оларды күніне екі-үш реттен артық емес пайдалана аласыз", - деді дәрігер.

Ол антибиотиктерді дәрігер рецептінсіз қабылдауға болмайтынын айтып, ауру кезінде де, алдын алу үшін де бөлмені үнемі желдетіп тұруға кеңес берді.

Омикрон штамы немесе B.1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Мамандардың айтуынша, вирусты аурудан жазылғандар да және екпе алған адамдар да жұқтыруы мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа штамм қазірдің өзінде 110 елде анықталған. Ол "дельта" нұсқасына қарағанда тез таралады.