Бесінші қабаттан тасталған жануар ветеринарлық клиникада өлді.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Өскеменде 5-қабаттан лабрадор күшігін лақтырып жіберген ер адамды біреулер сабап кеткен. Ол қазір ауруханада жатыр, деп жазады zakon.kz.
Бесінші қабаттан тасталған жануар ветеринарлық клиникада өлді. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде лезде таралып, қоғамдық резонанс тудырды. "Жетінші арна" дерегіне сүйенсек, жануарға қатыгездік таныту дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Дегенмен, көп өтпестен күдіктінің өзін белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен. Енді полицейлер тек төрт аяқты жануарға қатысты зорлық-зомбылықты ғана емес, ер адамның соққыға жығылу дерегі бойынша да тергеу жүргізіп жатыр.


