«Өмір сүргім келмейді»: Жамбыл облысында 13 жастағы қыз марқұм әкесінің ағасынан бала туған

0
197

​Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бұл оқиғаны журналист Динара Сәтжанға айтып берген.


«Өмір сүргім келмейді»: Жамбыл облысында 13 жастағы қыз марқұм әкесінің ағасынан бала туған

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Былтыр күзде Жамбыл облысында 13 жастағы қызды марқұм әкесінің бауырлары алты жыл бойы зорлап келгенін жазған едік. Анықталғандай, оқушы олардың біреуінен бала босанған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл жантүршігерлік оқиғаны бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтып берді.

Оның айтуынша, жәбір көрген қыз жергілікті психологқа «өмір сүргім келмейді» деп бірнеше рет хат жазған. Алайда, психолог бұл хатқа аса мән бермеген көрінеді. Оның үстіне, қыздың анасы күні-түні жанында бола тұра, оның бұлай қорлық көріп жүргенін байқамадым депті.

«Жамбыл облысында 13 жастағы қызды қайтыс болған әкесінің туған екі бауыры алты жыл бойы зорлап келген. Былтыр желтоқсанда ол бала психологқа хат жазып, «өмір сүргім келмейді» деп айтқан. Бірақ, ешкім оған назар аудармаған. Оны ағалары алты жыл бойы зоррлаған. Менің әріпестерім оқиға орнына барған. Өкінішке қарай, қыздың жүкті екені анықталып, ол босанды», - дейді Зәкиева.

Осы ретте бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда мектеп психологтарының саны аз екенін және олар көп жағдайда дұрыс әрекет етпейтінін айтып өтті.