Өңірлерде эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды

0
158

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.


Өңірлерде эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды

ERNUR.KZ. Нысаналы жастағы балаларды жоспарлы иммундау жүргізілуде. 2025 жылы қызылшаға қарсы 1 жастағы 323,7 мыңнан астам бала және 6 жастағы 348,3 мыңнан астам бала егілді. Иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 214 мыңнан астам балаға вакцина салынды. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

Аурудың артып отырғанын ескере отырып, 2025 жылғы қарашадан бастап вакциналардың қолда бар көлемі шеңберінде 6-11 айлық балаларды қосымша иммундау бойынша жұмыстар күшейтілді. Яғни 51 мыңнан астам адам егілді.

«Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында кеше мен қаулы қабылдадым. Аталған қаулыға сәйкес мынадай күшейту жұмыстары жоспарланған: қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундау іс-шаралары; ұйымдасқан ұжымдарда, әскери бөлімдерде, білім беру мекемелерінде қызылша тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттете отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары», – деді спикер.

Балаларды жоспарлы емдеуге жатқызу тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қоспағанда, қызылшаға қарсы екпесі болған кезде ғана жүзеге асырылуға тиіс. Аталған шаралар эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және елде қызылшаның одан әрі таралуын болдырмауға бағытталған.

Сондай-ақ Сархат Бейсенова вакциналау баланы қызылша және басқа инфекциялық аурулардан қорғаудың ең сенімді және дәлелденген жолы екенін ерекше атап өтті. Елімізде қолданылатын вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес келеді. С.Бейсенова вакциналарды пайдалануға бермес бұрын сапасы мен қауіпсіздігі қатаң бақылаудан өтетінін еске салды.