Жас дәрігерлер кәсіби карьерасын теория мен практиканы қатар алып жүріп, шыңдайды.
ERNUR.KZ. Жоғары оқу орындары мен емдеу мекемелері тығыз байланыста жұмыс істейді. Тіпті өңірлердегі клиникалардың бір бөлігі жоғары оқу орындарына беріледі. Бұл туралы ПрезидентАқтөбедегі халықаралық медициналық форумда айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің сапасын арттыруды тапсырды. Яғни, біліктілігіне аса көп көңіл бөлу керек.
«Медициналық жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарына қойылатын талапты күшейту керек. Мамандарды тек теориялық емес, практикалық жағынан да жетілдірген жөн. Сондықтан өңірлердегі клиникалардың бір бөлігін жоғары оқу орындарына беру керек. Жас дәрігерлер кәсіби карьерасын теория мен практиканы қатар алып жүріп, шыңдайды. Назарбаев университеті клинакасының әдісін барлық медициналық жоғары оқу орнында пайдалану керек», - деді Президент.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент ғылымды дамытып, медицинаға жоғары технологияларды енгізуді тапсырды.