Жүргізушінің ниеті белгісіз күйінде қалып отыр.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Қарағанды мен Астана арасында жолаушы тасымалдайтын бейтаныс жүргізуші қыз балаларға тиісу үшін қулыққа барған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желідегі жарияланған видеода екі қыз Данияр есімді сұр «Camry» көлігінің жүргізушісінің әбес қылығын жайып салған.
Жолаушылардың сөзінше, жүргізуші қызға көліктің алдынғы орындығына жайғасуды сұрайды, себебі артқы салонға бір отбасының адамдары мінеді дейді. Кейін отбасы сапарға шықпайтынын айтып, қызға жалғыз жол жүруді ұсынады.
Жүргізуші жолда кетіп бара жатып, жолаушының орындығының астындағы «датчиктің» қосылып кеткенін айтып, оған «ауын ашып» сөндіруді сұрайды. Қыздардың айтуынша, бұл көлік моделінде «датчик» мүлде жоқ.
Видеоның астына жазылған пікірлерде ондаған қыз жолаушылардың сөзін растаған.