Орал дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен студенттер Ресейге емделуге жіберіледі

0
472

Алязи Rizyq дәмханасында қысқы каникул кезінде, жұмыс істеп, ақша тауып жүрген.


Орал дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен студенттер Ресейге емделуге жіберіледі

ERNUR.KZ. Орал дәмханасында зардап шеккен 21 жастағы студент Алязи Ресейге емге жіберіледі, деп жазады sputnik.kz.

Алязи Rizyq дәмханасында қысқы каникул кезінде, жұмыс істеп, ақша тауып жүрген.
"Оған мойынның, беттің, арқаның және екі жоғарғы және төменгі аяқтың термиялық күйігі диагнозы қойылды. Қатты күйік шок 35-40%. Самарада емдеу 1,5 миллион рубль болады екен, қамқор адамдар қажетті соманы жинауға көмектесті. Екі күннен кейін балалар Самараға барады", - дейді қыздың анасы Дария.
Тағы бір зардап шеккен студент Әйгерім де Ресейге емге барады. Қамқор жандар Әйгерімге алты миллион теңге жинады. Ол Алязи екеуі бірге оқып, бірге жұмыс істеген.
Айта кетейік, дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды.