Жер телімі көпқабатты үйлерді салу және оларға қызмет көрсету үшін берілген.
ERNUR.KZ. Орал қаласында 3,3 га жер учаскесі ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған, деп жазады sputnik.kz.
Заң бұзушылықты Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Орал қаласындағы ЖШС-нің бірін жоспардан тыс тексеру кезінде анықтады.
Департамент кемшілікті 1 жыл ішінде жою туралы нұсқама берді.
"Белгіленген мерзімде талаптар орындалмады, осыған байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді", - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.