Оралда 3 жасар қыз сорпаға күйіп қалған балабақшаның басшысы қатаң сөгіс алды

0
1 178

Түскі ас кезінде күйіп қалған бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақыртылған.


Оралда 3 жасар қыз сорпаға күйіп қалған балабақшаның басшысы қатаң сөгіс алды

ERNUR.KZ. Оралда 3 жасар қыздың ыстық сорпаға күйіп қалуы оқиғасы бойынша балабақша басшысына тәртіптік жаза қолданылды, деп жазады Kazinform.

Орал қаласы білім беру бөлімінен мәлім еткендей, түскі ас кезінде күйіп қалған бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақыртылған.

«Оқиға бойынша зерделеу жүргізілді. Өз лауазымдық міндеттерін атқару барысында өрескел кемшіліктерге жол берген тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылады. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі міндетін атқарушыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 3 жасар қыздың ыстық сорпаға күйіп қалған болатын.