Орал қаласында сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды.
ERNUR.KZ. Оралда сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды, деп жазады tengrinews.kz.
ҚМА БҚО бойынша департаментімен Орал қаласында сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 миллион теңгеден асатын 1,6 миллион қорап темекі партиясы жойылды.
"Бұған дейін департамент соталды тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобы анықталған болатын. Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған болатын.
"Осы сатылымнан түскен 84 миллион теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды".