Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

0
559

Жедел жәрдем бригадасы 1973 жылғы әйелдің тек қайтыс болғанын анықтады.


Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

ERNUR.KZ. Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп жазады inform.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.30-да Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болды.

«Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдемге сағат 14.33-те қоңырау шалынған. Жедел жәрдем бригадасы 1973 жылғы әйелдің тек қайтыс болғанын анықтады.