Оқиға Зачаган кентіндегі «Жазира» аялдамасының маңында орын алған
ERNUR.KZ. Оралда екі автобус соқтығысты. Салдарынан 11 адам зардап шекті, деп жазады inform.kz.
Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі «Жазира» аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соқтығысты.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.
«Оқиға орнында 6 бригада жұмыс жасады. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі - ер адам, қалғаны - әйелдер) облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр», - деді А.Сақпосынова.