Аталған жасөспірімдер бұған дейін де бірнеше рет үйінен кеткен.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Оралда жоғалып кеткен екі жасөспірімді аман-есен тапты, деп жазады inform.kz.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Артем Сарманов 24 ақпанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан мектепке кеткеннен оралмаған.
Полиция қызметкерлерінің іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жасөспірім Оралдан табылды.
Өзінің айтуынша, ол осы уақыт бойы достарында болған.
Екінші жасөспірім Зарина Ниғметова үйінен 16 наурызда шығып кеткен. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап, Ақтөбе қаласынан тапты.
- Аталған жасөспірімдер бұған дейін де бірнеше рет үйінен кеткен. Полиция қызметкерлері оларды тауып, қайтарып отырған. Қазіргі уақытта екеуінің жағдайы жақсы, заңды өкілдеріне тапсырылатын болады, - деп хабарлады ведомстводан.