20 жастағы жігіт Желаев кентінде "Арна" демалыс аймағында қаза тапты.
ERNUR.KZ. Орал қаласында су қоймасында қайық аударылып, жас жігіт көз жұмды. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 6 тамыз күні Желаев кентінде "Арна" демалыс аймағында болған, деп жазады inbusiness.kz.
"Карьер" су қоймасында 6 тамыз күні сағат 19:15-тен бастап жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол қайықпен серуендеу кезінде суға батып кеткен. Достарымен бірге демалған жігіт ішімдік ішпеген. Іздестіру жұмыстары 7 тамыз күні таңғы сағат 07:00-де қайта жалғасты. 20 жастағы жігіттің денесі сағат 09:12-де табылып, судан шығарылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Осылайша, "демалыс күндері өңірде 5 адам суға кетсе, соның үшеуі – жасөспірім", дейді полиция.
Облыста аптап ыстықтың жалғасуына байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау керегін еске салады.