Оралда қызық жағдайда жоғалып кеткен қыз ізделіп жатыр

0
1 720

19 жастағы қыз 21 қазанда белгісіз бағытта үйден кетіп қалған


Оралда қызық жағдайда жоғалып кеткен қыз ізделіп жатыр

ERNUR.KZ. Орал полициясы 21 қазанда өте қызық жағдайда жоғалып кеткен 19 жастағы Гүлдана Тұржанованы іздеп жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

Сол күні кешке қыз бен оның анасы үйде кешкі ас ішкен. Біраз уақыттан кейін әйел ұйықтауға кетеді, ал таңертең қызының үйде жоқ екенін көрген, деп хабарлады "Уральская неделя".

Гүлдананың құжаттары, ақшасы мен рюкзагы үйде қалған.

"Қызым 5 минутқа шығып, жоғалып кеткендей күй кешіп отырмын", — деп мәлімдеді студенттің анасы.

Әйелдің айтуынша, отбасында қашуға себеп болатындай ұрыс-керіс болмаған. Бұған дейін қыз үйден ескертусіз кетіп қалмаған.

Гүлдана Тұржанованың туыстары оның қайда екенін білетін адамдардан + 7 777 569 10 88 нөміріне хабарласуды сұрайды.