Оралда мектеп оқушысы сарайда асылып қалған

0
506

Оның әкесі баласын соңғы рет жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген. Бала үйде ұйықтап жатқан.


Оралда мектеп оқушысы сарайда асылып қалған

ERNUR.KZ. Оралда 9 сыныпта оқыған жасөспірімнің денесі шаруашылық құрылыс алаңынан табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның әкесі баласын соңғы рет жұмысқа кетіп бара жатқанда көрген. Бала үйде ұйықтап жатқан.

«Ол үйдегі екінші бала. Ұлым қағілез, ақкөңіл, жайдары мінезді еді. Жақсы оқыды, достары көп болды. Ортасының «гүлі» болды. Көршінің балаларымен араласатын, кәдімгі жеткіншектер сияқты сыныптастарымен, құрдастарымен араласты. Тәртіпті, ашық еді. Спортпен шұғылданды. Оны анасы сарайдан тауып алған, мен оның өзін өлтіргеніне сенбеймін», - дейді қаза тапқан баланың әкесі.

Қазір полиция оқушының өлімі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.